Жетісулық 33 мыңдай бала мектепке оралды

0
243

Жылға жуық онлайн форматта оқып келген оқушылар 15-ақпаннан бастап дәстүрлі оқу жүйесіне ауысты. Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау мақсатында оқушылар офлайн форматта оқитын болды. Яғни, үшінші тоқсаннан бастап 9-11 сынып, санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас оқу форматында білім алуда. Яғни, мектеп бітіруші сынып оқушылары пәндердің 70 пайызын мектепте, 30 пайызын қашықтан оқуда. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты жетісулық 33 мыңдай бала мектепке оралды. Жалпы, облыстағы 760 білім ошағының 279-ы штаттық режимде жұмыс жүргізуде. Ал, ата-ананың өтініші негізінде 1-ші 5-ші сыныптар кезекшілік сыныпта білім алуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here