Алматы облысында ТМД-дағы ең ірі 2 ауылшаруашылық жобасы іске асады. Біріншісі – асыл тұқымды құс етін өндіретін кәсіпорын. Жылына 160 млн дана инкубациялық жұмыртқа шығарады. Бұл бойынша өңірге 43 млрд теңге инвестиция тартылған. Екіншісі – бройлер етін өндіретін ірі құс фабрикасы. Жылына 120 мың тонна ет шығаруды көздеген жобаға 117 млрд теңге жұмсалмақ. Қазір нысан құрылысы басталған. Әлеуметтік-экономикалық маңызы бар қос жоба Іле ауданында ашылады. Сәйкесінше аймақта 4700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұндай маңызды жобалармен бүгін облыс әкімі танысты. Амандық Ғаббасұлы «Aitas.kz» АҚ өкілдерімен кездесті. Шығыс Қазақстаннан келген инвесторлардың ұсыныстарын қабылдап, қолдау танытты. Бизнесмендермен меморандум жасасты.