«Кел, шәй ішейік!». Осындай атпен облыстық жастар саясаты мәселелері мен жастар ресурстық орталығы игі шара ұйымдастырды.»Мейірім» еріктілер тобы қыстың қара суығында көшені қардан, қоқыстан тазалап жүрген коммуналдық шаруа жұмыскерлеріне ыстық шәй ұсынды. 20-ға жуық жұмысшыға тәттілер таратылды. Осылайша жарқын көңіл күй сыйлады. Басты мақсат, жастарды еріктілікке тартып, қайырымды іске жігерлендіру. Алдағы уақытта шара жалғасын таппақ – дейді ұйымдастырушылар.