Жетісулық спортшылар 2020 жылды табысты аяқтады. Түрлі деңгейдегі жарыстардан 1000-ға жуық медаль жеңіп алды. Оның 292-сі алтын. Жалпы есепте жерлестеріміз республика бойынша көш бастап тұр. Бүгін Талдықорғанда салтанатты жиын өтіп, сала озықтары марапатталды.