Алматы облысындағы барлық мектепке «Кемелтану» бағдарламасы енгізілуі керек. Өйткені, қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған кемеңгер жазушы Кемел Тоқаев жайлы ешкім біле бермейді. Сондықтан жас ұрпаққа қарымды қаламгер жайлы барлық мектепте оқытылуы керек. Бұл Кемелтанушы Бақтығали Айжігіттің ұсынысы. Жоба авторы өз ойын Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте өткен облыстық семинарда айтты. Тіл мамандары қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне бағдарламаның өзектілігі мен практикалық құндылығын түсіндірді. Жалпы, «Кемелтану» жобасы Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте 1997 жылдан бері оқытылып келеді. Яғни, 7 мен 11 сынып аралығындағы оқушылары аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат кемеңгер жазушы жайлы тың деректермен қанығады.