Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
52

Алакөл ауданына да жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен енді бұл қызметті Абдинов Алмас Сапарғалиұлы атқарады. Ол 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих, құқықтану бакалавры, аспиранты. Еңбек жолын 2003 жылы Алакөл ауданы әкімі аппаратында әлеуметтік-мәдени сала, білім және денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін аудандық ішкі саясат, әкімі аппараты бөлімдерінің бас маманы, әкімінің көмекшісі, Қамысқала, Үшарал ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Алакөл ауданы әкімінің орынбасары болды. Амандық Ғаббасұлы аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтың еңбегі орасан зор екенін атап өтті. Үшаралға іссапармен барған өңір басшысы Алмас Сапарғалиұлына сәттілік тіледі. Ауданның туризм, әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға жақсы идеялар керектігін айтып, сенім білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here