Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
52

Кадрлік тағайындау. Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісіміне сәйкес, жергілікті мәслихат депутаттарының қолдауымен Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ал, Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен орнын босатты. Алматы облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев кірісті. Ержан Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол құрылысы институтының түлегі. Құрылысшы-инженер. Еңбек жолын жол шебері болып бастаған. Барлық өсу сатысынан өскен. Әр жылдарда «»Жамбылавтожол», «Қазавтожол»мекемелерінде түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2014 жылдың қазан айынан Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды. Амандық Баталовтың тұжырымдауынша, Ержан Бәкірұлы білікті басшы. Аса еңбекқор. Соңғы 7 жыл ішінде аймақ жолдарын жақсартуда сан үлкен іс атқарды. Іс-тәжірибесі мол, іскерлігі зор. Талдықорғанды дамытуға ерен еңбек сіңіреді деп сенемін, деді әкім.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here