Талдықорған шетіндегі Шымыр каналының жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмай қала ма деп алаңдаған

0
33

Бүгін «Жетісу» телеарнасына бір топ диқан ақпараттық қолдау сұрай келді. Көздегендері: проблемаларын көгілдір экран арқылы проблемаларын облыс әкімі Амандық Баталовқа жеткізу. Олар Талдықорған шетіндегі Шымыр каналының жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмай қала ма деп алаңдаулы.  Яғни, 125 шаруа уақытылы егіс жұмыстарын мерзімінде бастай алмай қалуы мүмкін. Бұл су жүйесі арқылы 2,5 мың гектар егін алқабы суарылуы қажет. Ирригациялық жүйені қалпына келтіру жұмыстары былтыр күзде басталып, қыс бойы тоқтап тұрған. Шаруалардың айтуынша, каналдағы қалпына келуі қажет 9 шақырымның тек 1 шақырымнан астамы ғана дайын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here