Қапшағайда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті

0
202

Қапшағайда жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті. Шара «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Дебатқа 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Турнирді қалалық ішкі саясат бөлімі мен білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы өткізді. Сөзсайыс басталмас бұрын қатысушыларға пікір-сайыс шебері, бірнеше республикалық турнирлердің жеңімпазы Айбол Қожатаев тренинг өткізді. Тәжірибесімен бөлісіп, британдық парламент форматының халықаралық ережелерін түсіндірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here