Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
240

Экс әкімі таяуда істі болып, лауазымды орын бос тұрған. Бұл қызметке облыс әкімі ҚР Президенті әкімшілігінің келісіміне сәйкес, Әбдіханов Қайдар Әлиханұлының кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан келісіп, әкім өкімге қол қойды. Қайдар Әбдіханов 47 жаста. Қос жоғары білімі бар: аграрлық сала инженері, заңгер. 15 жыл ҚР Кеден органдарында үздіксіз қызмет жасаған. Бірнеше жауапты лауазымдар атқарған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құрылымдарында қызмет істеді. Әкімдік жолын Кеңдала ауылдық округінен бастады. 2018 жылдың Талғар ауданы әкімінің орынбасары. «Жауапкершілігі зор, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Ауданды жақсы біледі. Сенемін, әрі жан-жақты қолдаймын!»,- деді Амандық Баталов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here