Нәзік жанды еріктілерге құрмет көрсетілді

0
66

Пандемия тұсында тынымсыз еңбек етіп, мұқтаждарға қол үшін созған волонтерларға облыс әкімінің орынбасары Рустам Али алғыс айтты. Санаулы күндер қалған мерекемен құттықтап, 30-ға жуық қыз-келіншекке сый-сияпат табыстады. Жалпы Жетісу өлкесінде күн сайын еріктілер қатары көбеюде. Бүгінгі күні өңірде 36 еріктілер ұйымы мен 4 мыңнан аса волонтер бар. Олардың әрбірі белсенді. Жақсылық жасауды парызы санайды. Дәлелі атқарған істері. Мәселен, 26 мың аз қамтылған және көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсеткен. 9500-ге жуық қайырымдылық науқанын ұйымдастырған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here