Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Мемлекет басшысы «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар» атты конференцияға қатысушыларды бейнеүндеу арқылы құттықтады. Президент қазір басшылық қызметтегі әйелдердің қатары көбейіп келе жатқанын айтты. Парламентте арнайы квота беріліп, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін бірқатар жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.