Талдықорғанға кіре берістегі жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып қалды. 70 пайызы бітіп тұр. Десек те облыс әкімінің бірінші орынбасары кейбір кемшілікті көрсетіп, түзетулерді атап берді. Ләззат Махатұлы жауаптыларға ғимараттағы кәріз, су жүйелерінің дұрыс жүргізілуін талап етті. Мәселелер болса бірден шешу керектігін айтты. Мұнан бөлек, көрермендер отыратын орындықтары талапқа сай қайта реттеу керектігін айтты. Биыл халық игілігіне берілетін бірегей нысан қала көркін бұзбай керісінше, әсем болуы тиіс. Сондықтан мердігерлерге ғимараттың сыртқы аумағын тездетіп тазартуды тапсырды. Айта кетейік, бұл бассейннің аумағы 9 мың шаршы метр. 600 орынға шақталған.