Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл

0
238

Биыл Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай Талдықорғандағы орталық кітапханада конференция өтті. «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты онлайн жиында ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлының есімі ұлықталды. Зиялы қауым мемлекет қайраткерін еске алып, өмірі мен шығармашылығын сөз етті. Шараға Семей, Тараз қаласының Шәкәрім және Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы университетінің профессорлары, жазушы, зерттеуші ғалымдар қатысты. Айта кетейік С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы Әлихан Бөкейханов жайлы танымдық шараларын бір апта бойы ұлықтайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here