Қаратал ауданындағы 8 ауылдық округтегі 50 мекемеде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылған

0
68

Егов электрондық порталы мемлекеттік қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ я болмаса мобильді қосымшалар арқылы алуға жол ашар жүйе. Тіпті мұндай мүмкіндік болмаса мемлекеттік мекемелердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалануға болады. Мәселен Қаратал ауданының тұрғыны Жазира Лянова мемлекеттік қызметтерді алуда еш қиындық жоқ, -дейді. Кез-келген уақытта «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» пайдаланады. Осы жолы да зейнетақы жинақтары туралы анықтама алуға келген. Жеке куәлігін енгізіп бірер минуттың ішінде қажетті құжатты шығарып алды. Бұл азаматтар үшін жасалған қолайлы жағдай. Жалпы аудан бойынша мұндай өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары 8 ауылдық округтегі 50 мекемеде орналасқан. Бір ғана Елтай ауылдық округінде өткен жылы тұрғындар 648 қызмет алған. Ал, биыл жыл басынан аудан халқына 2 мыңға жуық мемлекеттік қызмет электрондық портал ақылы көрсетіліпті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here