Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп амандасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Қыстан аман шыққан халық, бір-біріне осындай тілек жаудырады. Көрші көлең, ағайын туыс амандық саулық сұрасады.