Әлемді жайлаған корона індет ересектерде ғана емес, балалар арасында да көбейіп келеді. Алматы облысында оқу жылы басталғалы 900ден астам мектеп оқушысынан вирус анықталған. 742 науқас әдеттегі форматта білім алса, 171-і қашықтықтан оқытылған. Ал, қазір жағдай қалай? Қауіпті кеселді бүлдіршіндер жұқтырмас үшін ата-аналарға не істеу қажет? Біздің түсірілім тобы мамандардан біліп қайтты.