Алдағы 5 жылда Алматы облысында 85 жаңа мектеп, 31 ауылда дәрігерлік амбулатория салынады. Әлеуметтік нысандардың алды биыл ел игілігіне берілмек. Денсаулық сақтау, білім саласындағы ақжолтай жаңалықтар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалында айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қоғамдық қабылдау өткізіп азаматтардың сауалдарына жауап берді.