2016 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілген. Мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Осыны ескере отыра, биыл наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жолдаған.