Елде індетті жұқтырғандар саны 278 мыңнан асты

0
221

Елдегі ковид ахуал тұрақталар емес. Күн санап індеттің ілмегіне іліккендер қатары артып келеді. Өткен тәулікте 2641 адамнан ковид-19 анықталыпты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ең көп жағдай Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Қос шаһарда бір күнде 650-ден аса тұрғынның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұдан бөлек Алматы мен Қарағанды облысында инфекция жұқтыру қарқыны жоғары. Жалпы елде індетті жұқтырғандар саны 278 мыңнан асты. Оның 3306-ы індет құрбаны болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here