Коттеджді қалашықта құрылыс қызу. Жоспар бойынша биыл 200-ден аса тұрғын үй қолданысқа беріледі. Құрылысшылар білек сыбана іске кіріскен. Мұнан бөлек, аумақта абаттандыру, сквер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, осы қалашықтағы бірқатар баспаналардың кем-кетігі ретке келтіруде.