Еңбек – өрге сүйрейді. Ескелді ауданының әкімі ҚР Президенті әкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып қызметке ауысты. Рауан Рахымбеков енді Сыртқы істер министрлігі мен Қостанай облысына кураторлық етеді. Атап өтерлігі, Рауан Тұрданғазыұлы Алматы облысы әкімінің меритократия үрдісімен өсіріп келген жас кадрінің бірі. Тиісінше, Амандық Баталовт оның республика деңгейінде ел мен жер дамуына айрықша үлес қосатынына сенімді.