Облыстық аурухана қызметкерлеріне азық-түлік себеттері таратылды

0
238

«Дәрігерлерге мың алғыс». Осындай атаумен нұротандықтар мен облыстық кәсіподақ ұйымы акция өткізді. Аясында облыстық аурухана қызметкерлеріне азық-түлік себеттері таратылды. Қазірде орталықта короноіндетпен күреске 500-ге тарта маман жұмылдырылған. Ал, жалпы өңірдегі стационарларда 1000-нан аса ақ халатты абзал жан еңбек етуде. Сондықтан, шара жыл бойы жалғасады, — дейді ұйымдастырушылар. Олар, ай сайын 130-ға тарта дәрігерді қамтуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 12-мамыр медбике күніне орай, ақшалай сертификаттар табысталады. Айта кетейік, өңірде «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы былтыр қолға алынған. Бүгінге дейін 6 аудандық орталық ауруханаға 13 дана ИВЛ құрылғысы сыйға тартылды. Тағы 4 орталық бетперде, 100 дәрігер жеміс-жидек себетімен, 1000 л ұлттық өніммен қамтамасыз етілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here