Ескелді ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
280

Жас келсе іске. Ескелді ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен бұл лауазымға облыс әкімі Рүстем Әли ұсынған. Бүгін Амандық Ғаббасұлы Қарабұлақ кентіне барып, аудан активіне кандидатты таныстырды. Рүстем Әли 37 жаста. Жетісудың тумасы. Екі жоғары білімі бар. Философия ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматыдағы «Деловая неделья» газетінен бастаған. Білімге іңкәр, іске құлшынысы зор. Жетісу жастарын жаңашылдыққа бастап, өңірде талай оң бастамаға ұйытқы болды. Облыстық жастар, Ішкі саясат басқармаларында абыройлы қызмет етті. 2020 жылдың тамыз айынан облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Жас та болса талай іске бас бола білген азаматты аудандық мәслихат депутаттары да қолдады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here