Талдықорғанда «Алаш» қозғалысының ақтаңдақтарына арналған көрме ашылды. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне 35 экспонат қойылды. Оның ішінде алашордашылардың қоғамдық саяси қызметіне қатысты құжаттар мен ұлт зиялыларының заттық жәдігерлері бар. Экспонаттар Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемориалдық қорық музейінен арнайы әкелінген. Мұндағы мақсат – музей аралық байланысты дамыту, – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, «Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы» атты көшпелі көрмені алғашқылардың бірі болып студенттер тамашалады.