Сәт сапар, жас түлек! Бүгін «Соңғы қоңырау» соғылып, еліміз бойынша 150 мыңнан аса қыз-жігіт мектеп бітірді. Олардың 18 мыңға жуығы – Жетісулық. Түлектердің 1521-і «Алтын белгіден», 1055-і үздік аттестаттан үміткер. Аймақта 860 мектеп, 428 мың оқушы бар. 300 оқушыға дейінгі контингенті бар 690 білім шаңырағында «Соңғы қоңырау» санитарлық талаптарға сай, салтанатты жағдайда өтті.