Ақжолтай хабар. Жетісулық 9 білімгер «Үздік студенттер академиясына» қабылданды. Олар жыл бойына өздерін белсенді көрсеткені үшін үздік деп аталды. Қатысушыларға төсбелгі, төлқұжат ,алғыс хат табысталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға елдің өзге де өңірінен «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты. «Рәміздерім – мақтанышым » тақырыбында өткен іс – шара осы жылдан бастау алып, өз жалғасын таппақ.