Қазақ тарихының қатары тағы бір тың туындымен толықты. Тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін жазылған «Дала және өркениет тарихы » атты монографиялық еңбектің тұсауы кесілді. Кітап авторлары: «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Гүлнәр Кәпекова мен журналист, тарихшы Мұхамбедия Ақышев. Қазақ тарихын айқындайтын 4 томдық жинақ «Қазақ университеті » баспасында басылған. Қос автор деректерді 30 жыл бойы жинақтаған. Тарихи- танымдық туынды жалпы оқырман қауымға арналған. Кітаптың тұсаукесер рәсімін облыстық әмбебап кітапханасында өтті.