Ағылшын тілі оқулықтары сын көтермейді. 1 және 5 сынып оқушыларына арналған кітапта қазақ ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндер көп. Депутат Мақпал Тәжмағанбетова ағылшын тілі оқулықтарындағы осындай өрескел қателіктерді айтып Үкіметке депутаттық сауал жолдады.