2020 жылдан бері елімізде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге, белсенді еріктілер саны 4 есеге артты. Алматы облысында да еріктілер ұйымы саны 36 дан 95-ке көбейді. Бұл жөнінде өңір басшысы Үкімет отырысында баяндады. Облыста еріктілік қызметті ары қарай дамыту жұмыстары қарқынды. Өткен жылдан бастап жастардың жобаларын жүзеге асыру жөніндегі фронт-офис жұмыс істеп тұр.