23 маусым Қазақстан Республикасы Полиция қызметкерлері күні. Осыған орай Нұр Сұлтан қаласында қызметте жүріп қаза тапқан полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды. Кәсіби мереке қарсаңында елордалық тәртіп сақшылары қаза тапқан әріптестеріне арналған монументке гүл шоқтарын қойды.