Екпе алу – қауіпсіздік шарты. Алматы облысына індетке қарсы вакцинаның 500 мыңға жуық дозасы әкелінген. Нақтырақ 498 мың 170 екпе. Тұрғындар оның 446 мың 785-і алғашқы компонентін алды. Ал, 245 393 адам екпенің екінші кезеңімен қамтылған. Мамандар ақпарынша, қазір өңірде 86 мыңнан аса доза вакцина қалған.