Қоңыр — Ескелді ауданындағы ең шалғай елді-мекен. Қазір ауылда талай жылдан бері күрмеуі шешілмей, қордаланып жатқан мәселе көп. Жол, әлеуметтік нысандар, жайылым мен шабындықтың жетіспеушілігі ауыл жұртшылығын алаңдатады. Сондықтан халық өздері таңдайтын жаңа әкімге үміт артады.