Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатының қортынды 3-4-ші туры басталды. Бұл жарысқа еліміздің үздік деген Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының атлеттері қатысып жатыр. Жетісу өңірінің ерлер мен әйелдер құрамасы бұл біріншілікте бас жүлдеден негізгі үміткер. Айта кетейік Қазақстан чемпионы атанғандар, Тайланд пен Сингапурда өтетін халықаралық турнирге жолдама алады.