Мысалы, 18 жасқа толмаған студент вакцинация салдырмаса болады. Бірақ санитарлық норма барлығына міндетті. Осы оқу жылында Жетісу мемлекеттік университеті сабақты дәстүрлі форматта бастайды. Биыл 1200 студент бірінші курсқа қабылданды. Алматы облысындағы ЖООның оқу кезеңіне дайындығы қандай? Эпидемиологиялық нормалар сақталған ба?