Жолдауды қолдау. Жетісулықтар пікірі

0
115

— Жаңа жолдаудағы өзгерістер. Енді бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 20 пайызға жоғарылайды.
2022 жылдан 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен өседі. Нәтижесінде 600 мың бұл игі бастаманың игілігін көреді.
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында мәлімдеді. Бұл қуанышты жаңалық облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапхана қызметкерлерін де қуантты.
— Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Бұл Президенттің Жолдаудағы басты пәрмені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаға салынбай қалды. Бұған жол беруге болмайды- деді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындау қажет екенін атап өтті. Жалпы Алматы облысында бүгінге дейін жоспарлы оталар кейінге қалмаған. Уақытылы жасалып жатыр -дейді, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Сондай-ақ өңірде вакцинациялау жұмыстары да кезеңімен жүргізілуде. Бүгінде өңір тұрғындарының 62 пайызға жуығы екпе алған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here