– Ел экономикасы мемлекетке тәуелді монополиялардың қолында. Сондықтан қолдан бәсекелестік орнату мүмкін емес дейді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Ол үшін жүйелі түрде ұзақ мерзімді өзгеріс қажет. Мемлекет басшысының халыққа жолдауында еңбек нарығын ынталандыру үшін салықтың азаятыны белгілі болды.
– «Денсаулық кепілі- дене шынықтыру». Ел Президенті Қасым-Жомар Тоқаев жаңа Жолдауында осылай деді. Ересектер мен балалардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуы керектігін қайыра тапсырды.