Егінсу ауылының жұртшылығы күздің алғашқы күнінде қос қуанышты тойлады. Біріншісі — бүлдіршіндердің алғашқы қоңырауы болса, екіншісі — әріптесіміз, облыстық «Жетісу» газетінің журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуат Қайранбаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті сыныбы ашылды. Бұл игі шара ақынның 60 жас мерейтойына арналып отыр.