– Алматы қаласы маңында Стенд атудан жасөспірімдер арасында Әлем кубогы өтті. Оған алыс – жақын 10 мемлекеттен 122 спортшы келіп қатысты. Бұл жарыс Қазақстандық атлеттер үшін нәтижелі болды. Жерлестеріміз жекелей және командалық есепте жүлделі орындардан көріне білді.
– Үштөбе қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Жетісу өңірінің үздік деген зілтеміршілері қатысты. Бұл біріншіліктің атлеттер үшін маңызы зор болды. Өйткені үздік шыққандарға Қазақстан чемпионатына жолдама таратылды.