Талғар ауданындағы Кішібайсерке ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Екі топқа бөлініп, ортақ бір шешімге келе алмай жүр. Даудың басы – ауылға табиғи газ кіргізер мердігерге байланысты шыққан. Тұрғындардың басым бөлігі бұл іске жауапты мердігер компанияға наразы. Қызметінің құны қымбат, көгілдір отын мемлекеттік бағдарлама бойынша қосылсын!, деп байбалам салып жатыр. Тіпті, мердігер ауыстырылсын деген талап қойып жатыр. Ал, компаниямен келісім-шарт жасасып, алдын- ала ақша төлеп қойғандарда жауапты инвестор ауысса, төлеген ақшалары далаға кете ме деген қауіп бар. Осылайша, бір ауылдың адамдары бір мәселеде бірауыздылыққа келе алмай отыр. Құзырлылар қатысқан көше жиынынан соң да бұл мәселеде нүкте қойылмады.