Ескелді ауданында халықты ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Биыл Сырымбет ауылының 30 пайызы тіршілік нәріне қол жеткізді. Бұған дейін суды тасып ішіп келген жұрттың талап-тілегі орындалып, елді мекендегі 70-тен астам үй қайнар суына қосылды.