– Алматы облысының гандболшы қыздары Өзбекстан кубогын ұтып алды. Халықаралық турнир Самарқандта өтті. Оған орта азия елдерінің үздік деген 16 командасы қатысты. Жерлестеріміз барлық қарсыласын жеңіп, елге аброймен оралды.
– Талдықорғанда регбиден жасөспірімдер арасында «Алтын доғал доп» күзгі республикалық жарысы басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 17 команда келіп қатысып жатыр. Үздік шықтандар ел құрамасына алынып, халықаралық турнирлерге қатысатын болады.