Талдықорғанда тағы бір жабық бассейн ашылды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті өз қаражатына жүзу нысанын салып, студенттер игілігіне табыстады. Жоғарғы білім мекеме басшысы болашақта мұнда бұл спорт түрінің үздіктері шығатынына сенімді. Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қатысты.