Мемлекеттік бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы» 2022 жылға дейін жалғасады. Бұл туралы Президент Жолдауда мәлімдеген еді. 2 жыл бұрын басталған бағдарлама аясында Алматы облысында 199 жоба іске асты. 2 мың жұмыс орны ашылды. Бағдарлама игілігін көрген шаруашылықтың бірі Еңбекшіқазақ ауданындағы «RAUAN AGRO» қожалығы.