Өңірде егін ору науқаны қызу. Жаздық жиын-терін жұмысына алғашқылардың бірі болып Ескелділік дихандар кірісті. Биыл ауданда 52 мың гектардан астам жерге егін егілген. Қазір дала төсінде жүрген еңбеккерлер әр гектердан орта есеппен 19 центрнер өнім аламыз деп отыр.