Облыста «Бекет 2021» әскери республикалық оқу-жаттығуы басталды. Өңірде этникалық қақтығыс болып, экстремисттік топ өңірдегі бірнеше елді-мекенді басып алған. Оқу-жаттығу сценарийі осы. Бұл жағдайға байланысты шұғыл шешім қабылданды. Облыс әкімдігіне және құзырлы мекемелерге дабыл берілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашовтың төрағалығымен штаб кеңесі өтті. Жиынға өңірлік жедел топтар, басқару орган өкілдері және әскерилер қатысты. Олар аймақтағы дағдарыстық жағдай бойынша баяндама жасап, күшейтілген режимге көшті. Оқиға орынына арнайы мамандар жұмылдырылды. Айта кетейік, «Бекет-2021» атты оқу-жаттығуы 24 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Алдағы уақытта Панфилов және Ұйғыр ауданындарында ұйымдастырылатын болады.