Қыс қыр астында. Алматы облысында 185 білім беру нысанының сұйық отынмен қамтылуы баяу атқарылып келеді. Төмен көрсеткіш Панфилов, Балқаш, Кербұлақ аудандарда байқалып отыр. Жауаптылар салғырттығын бүгін аймақ басшысы сыңға алды. Апта бастала салып Амандық Баталов барлық аудан-қала әкімдерін жинап, қысқа әзірліктерін сұрап білді. Межелі мезгілден кешігіп жатқандарға ескерту жасап, нұсқау тапсырмалар жүктеді.