«Тіл және Тәуелсіздік». Бүгін Талдықорғанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, республикалық көрме-байқау өтті. Ерекшелігі, ел тарихында бұрын -соңды тіл мен тәуелсіздік тағдыры мен тақырыбын ұштастырған мұндай ауқымды байқау болып көрген емес. Шара соңы «Тіл – ең асыл құндылық» атты дөңгелек үстелге ұласты.