Алматы облысында сыбайлас жемқорлықтың 87 дерегі тіркелген. Оның 68-і қылмыстық іске тікелей қатысы бар. 57-сі ауыр деңгейге жатады. Ал 5-еуі аса ауыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мамандары мәлімдеді.