«Ер туған жеріне», – деген… Ақсу ауылы жанданып- жаңғыра бастады. Игі жаңалық көп. Ақсу ауданына қарасты әйгілі елді мекен тоқыраудан соң бас көтере алмай қалған еді. 2017 жылы Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы жарыққа шыққалы ауылға қарайласып жатқан ел азаматтары көбейіпті. Бірі – белгілі кәсіпкер, меценат Айдын Сүлеймен. Ақсуда бірнеше игі іс атқара бастады.